Қазақстанда кімдер әскерге шақырылмайды – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қорғаныс министрлігі қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы мүмкін екенін және әскер қатарына шақырылмайтынын түсіндірді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша мерзімін кейінге қалдыру немесе босату шешімі әскерге шақыру комиссиясының құзыретінде.

«Бұл тұрғыда кейінге қалдыру отбасы әрі денсаулық жағдайына, оқуын жалғастырғандарға, кәсіби қызметін атқарып жүрген педагогтерге, ауылдағы дәрігерлерге, Парламенттің немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына қатысты болады», – делінген Қорғаныс министрлігінің жауабында.

Сонымен қатар, алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық iсін сот қарап жатқан адамдар жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.

Бұдан бөлек, азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлері, механиктері және техниктеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқандарға қатысты әскерге шақыруды кейінге қалдыру тәртібі қарастырылған.

Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан мына азаматтар босатылады:

1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;

3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызметті өтеу кезеңінде мiндетін орындау барысында қаза тапқанда немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленгенде;

4) әскери қызметті басқа мемлекетте өткендер;

5) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;

6) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;

7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері.

Бұдан басқа, бейбiт уақытта әскери қызметке сотталған адамдар шақырылмайды.

Дереккөз: stan.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с