БҚО-да қорадағы қойды қырған иттер халықтың үрейін ұшырып отыр

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені әлдебір жыртқыш қорадағы малды талап, қырып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы

Ашық дереккөзден

«Қасқырдың ісі деп қасқырдың ісі емес, иттің ісі деп иттің ісі емес. Осы охотниктер айтады, мұны шакал деп. Енді не көп, сай-сала көп. Көзімізге көрінбей жүрген бір шакал болар. Келеді де, бауыздап етін де жемейді, тартып ештемесін жемейді. Сол жаңағы қанын сорып нетеді ғой шакал деген. Ағып жатқан қан да көрінбейді жерде», – деді ауыл тұрғыны Асқар Давлетьяров.

Телеарнаның хабарлауынша, ауылдықтар қорасын қымтап, күзетті күшейтсе де, бір айда жиырма шақты қойынан айрылыпты. Талаудан тірі қалған мал союға да келмейді әрі ауру жұқтырамыз ба деп жұрт қорқып отыр. Өлген малға сараптама жасалмаған.

«Қаңғыбас иттер туралы былтыр әңгіме қозғадым. Әкиматқа айттым, ветврачқа айттым. Былтыр бұл ауылдың құсын, үйрек-қазынан бастап түгел жойды. Енді көктемнен бастап иттер малға кірісті. Менің өзімнің төрт қойымды қорадан жеп кетті», – дейді тұрғын Қалимолла Өтешов.

Ал ауыл әкімі елді дүрліктірген бұралқы иттер екеніне сенімді. Өйткені айналадағы саяжайларда иесіз қалған күшіктер өскесін, малға шауып жабайы болып кетеді дейді. Жыл басынан бері 138 ит аулағанын айтқан әкім енді қорадағы қырғынға «кінәлі» төбеттерді түстеп ажыратып, іздеп жүр. Тіпті көмек сұрап, полиция мен ветеринарларға хат та жазыпты.

«Қазір қандай ит екенін іздеп жатыр. Екі қоңыр, екі сары ит жүгіріп жүр. Білмеймін кімдікі екенін. Жергілікті ит емес дейді. Ошейник жоқ, бесхозный жүр», – деді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с