Белгісіз аурудың өршуіне байланысты Қазақстан Мысырдан келетін рейстерге бақылауды күшейтті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республика азаматтарына Мысырда денге безгегі өршуі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әуежайларында, вокзалдарында және автомобиль пункттерінде пирамидалар елінен келетіндерді бақылау күшейтілді.

2023 жылғы 16 шілдеде БАҚ-та жарияланған Мысыр Денсаулық сақтау және ел тұрғындары министрлігінің ақпараты бойынша, елде белгілері денге безгегіне ұқсас белгісіз ауру тіркелген.

«Елге кірген кезде әуежайда, теміржол вокзалдарында және автомобиль пункттерінде санитариялық-карантиндік пунктте науқастарды уақтылы анықтау және медициналық көмек көрсету мақсатында дене температурасын қашықтан өлшеу арқылы келгендерге мониторинг жүргізіледі».ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын аурудың жекелеген жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы денге безгегі бойынша қолайсыз елдерден (Таиланд) келген адамдар арасында оның 2 жағдайы тіркелді.

Денге безгегі – адамға инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ауру адамнан адамға ауа тамшылары арқылы берілмейді.

Ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралады. ДДҰ мәліметтері бойынша, Африка, Америка, Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Тынық мұхитының 100-ден астам елі эндемикалық болып келеді.

Ауру дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, дененің ауыруы, жүрек айнуы түрінде көрінеді, әйтсе де көп жағдайда ауру симптомсыз өтеді және науқастың жағдайы 1-2 аптадан кейін жақсарады.

Эндемиялық елдерде болған кезде инфекцияны жұқтырмау үшін:

  • масалардың шағуына қарсы құралдарды қолданыңыз;
  • терезелер мен есіктерді жабыңыз;
  • аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініңіз.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с