Денсаулық сақтау министрлігі косметологияға барғанда сертификат талап етуді ұсынды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға кеңес береді.

Ашық дереккөзден

Кейінгі кезде арнайы дәрілік препараттардың негізінде инъекциялық ем-шаралар қолданылатын ботулинотерапия (ботокс) ем-шарасы кеңінен сұраныста. Бұл «сұлулық инъекциялары » терінің патологиялық өзгерістерін жасарту және жою мақсатында экстетикалық медицинада жиі қолданылады.

Алайда косметологиялық клиникаларға барған кезде барлығы ботокстың жарамдылық мерзіміне және ең бастысы Қазақстанда осы құралдың тіркелгеніне назар аудармайды.

Бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да ботулинотерапияда қолдануға арналған 12 дәрілік зат тіркелген. Олар «Ботулакс», «Ксеомин», «Вистабель», «ФОРТОКС®️», «Диспорт®️», «Нейронокс» сауда атауларымен ұсынылған. Бұл дәрілер дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде беріледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға кеңес береді.

«Қазақстан Республикасының заңнамасында рецепт бойынша дәрілік заттарды рецептсіз сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айта кету керек. Дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік те көзделген», — делінген министрлік хабарламасында.

Ұйымның таңдалған ем-шараларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізу маңызды. Оны мына сілтеме арқылы тексеруге болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.44 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.58 ℃
Днем27.06 ℃
Вечером25.64 ℃
Ночью21.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.54 м/с