Нұрділдә Ораз БҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Нұрділдә Серікұлы Ораз Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.

Әр жылдары бірқатар республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2009 жылы ішкі істер органдарына ауысып, Астана қаласы ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры – министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды.

2016 жылы ҚР Бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Абат ШЫНЫБЕКОВ БҚО әкімі аппаратының басшысы атқаратын қызметінен босатылғанын жазған едік.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром17.48 ℃
Днем29.75 ℃
Вечером30.3 ℃
Ночью22.6 ℃
Влажность23 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.66 м/с
2026-05-19
Утром19.87 ℃
Днем28.58 ℃
Вечером26.83 ℃
Ночью20.81 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.04 м/с