Оралда «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік байқауы өтті

Көрменің негізгі мақсат — жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Орал қаласында облыс әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері арасында көрме-байқау ұйымдастырылды. Көрмеге химия, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бағыттарында жасалған тауарлар қойылды, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Төрт жылдан бері ағаштан түрлі бұйым жасайтын «Дәстүр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нұрсұлу Бисманова да бүгінгі көрменің қатысушысы ғана емес, жеңімпаздарының бірі атанды. Ол кәсібін одан әрі дамытып, халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ас табақ, нан тақтай, майлық ұстағыш, тойбастар, сағат сияқты табиғи өнімнен жасалған бұйымдарын көрме көрерменіне ұсынды.

Бұл көрмеден Нұрсұлу секілді 40 кәсіпкердің түрлі бағыттағы өнімін тамашалауға мүмкіндік туды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев әрбір қатысушы компанияның ұсынған өнімімен танысып, олардың жұмыс барысында туындайтын мәселелерін сұрастырып, мемлекет көмегімен бизнесті дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Байқау нәтижесінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды:
«Халық үшін ең жақсы тауар«:
«Конденсат» АҚ, «Zhulduz» ЖК «Мария ханым» сән үйі, «Дәстүр» ЖК;
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар«:
«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «ОК Орал кабель» ЖШС;
«Үздік азық-түлік тауары«:
«Балзия» ЖШС, «Сартаев» ЖК, «Қаз-ақбас» ЖШС.

Аталған жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары -2023» республикалық байқау-көрмесіне жолдама алды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-15
Утром-4.44 ℃
Днем-0.01 ℃
Вечером-0.45 ℃
Ночью-3.65 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.19 м/с
2026-03-16
Утром0.2 ℃
Днем1.87 ℃
Вечером1.13 ℃
Ночью0.73 ℃
Влажность99 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.27 м/с