Шетелдік көліктерді уақытша есепке қою басталды

Жүргізушілер заңдастырып үлгермеген машинасын 5 жылға уақытша тіркей алады.

«ОА» мұрағатынан

ҚР ІІМ ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ЕЭО елдерінен келген, бұрынғы тіркеуінен шықпағаны үшін заңдастырып үлгермеген автомобильдерді уақытша есепке қоюға рұқсат берді, деп жазады kolesa.kz сайты.

МАҢЫЗДЫ!
Уақытша есепке қою бес жылға жарамды. Одан соң машина автоматты түрде тіркеуден шығады.

Құжатты қалай тапсырады және қанша тұрады

Бірінші қадам. Шетелдік көлік иесі автомобильдің VIN-кодын уақытша тіркеу тізіміне қосу үшін өтініш пен құжаттарды дайындап, арнайы ХҚКО немесе жергілікті полиция департаментіне баруы керек.

Екінші қадам. Осыдан соң электронды үкімет порталы арқылы автомобильді тіркеуге өтініш жіберу керек. Көлікті 10 минутта автоматты түрде тексереді. Барлығы дұрыс болса, иесіне көлік тексеруден сәтті өтті, көлік құралын мемлекеттік корпорация жанынан ашылған тексеру пунктіне әкеліңіз деген хабарлама келеді.

Үшінші қадам. Тексеру пунктінде криминалист 15 минут ішінде көлік құралының нөмірлерін салыстырады. Дұрыс болған жағдайда жүргізушіні құжаттарын өткізу үшін электронды кезекпен мемлекеттік корпорация қызметкеріне жібереді.

Төртінші қадам. Көлік иесі мемлекеттік нөмір (9660 тг) мен көлік құралын тіркеу куәлігі үшін (4313 тг) мемлекеттік салық төлеп, көлік құралын 5 жылға уақытша есепке қою және уақыт өткен соң елден шығару туралы міндеттемеге қол қояды.

Бесінші қадам. Құжат пен шетелдік нөмірді арнайы ХҚКО-ға өткізіп, машинаға жаңа техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алады. Тіркеу куәлігіне «басқаға сатуға және шетелге шығаруға болмайды» деген арнайы ескерту жазылады, сондай-ақ тіркеу мерзімі мен автомобильдің бұрынғы шетелдік иесінің деректері көрсетіледі.

Түпнұсқа тіркеу құжаты мен шетелдік нөмір мемлекеттік корпорация филиалында уақытша есепке қою мерзімі біткенше сақталады. Қазақстан азаматы көлікті шетелге шығаратын болса, олар біздің елдің нөмірі мен тіркеу құжаттарын өткізеді, содан кейін оларға шетелдік құжаттарды қайтарады.

Егер көлікті бұрынғы елден есептен шығарып, Қазақстанда тіркегісі келсе, иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлеп, заңдастыра алады деп түсіндірді ҚР ІІМ. Уақытша есепке қою үшін өтініш қабылдау қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Бірақ заңдастыру ережелеріне өзгеріс енгізілді, онда «2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыруға қабылданған өтінішті мемлекеттік көлік құралдарының алғашқы тіркеу мерзіміне қарамай заңдастырады» деп жазылған.

Бұған дейін билік шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімін ұзартпайтынын, 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін келген автокөлікті заңдастырмайтынын мәлімдеген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.67 ℃
Ночью18.01 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с