Балаға абай болыңыз: субұрқақта шомылудың аса қауіпті екенін білесіз бе

Қалыптан тыс ыстық ауа райы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Егер ересектер ауа баптағыштары бар кеңселерде отырып, ыстықтан қорған тапса, қараусыз қалған балалар субұрқақтарда шомылуды әдетке айналдырған.

«ОА» мұрағатынан

Бұл әдеттің қаупін және шомылуға тыйым салынған жерлерде қандай аурулар жұқтыруға болатынын нутрициолог Ксандра Силантье түсіндіріп берді.

Әрине, аптап ыстықта субұрқақтарға деген қызығушылықтың арта түсетіні белгілі. Қалалардағы әрбір субұрқақтың астында алаңсыз шомылып жүрген балаларды жиі кездестіруге болады. Алайда, мұндай әуестіктің түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін екенін барлығы біле бермейді.

«Бұл жедел ішек инфекциялары, тыныс алу аурулары, конъюнктивит, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, гепатиттер. Сондай-ақ субұрқақтардағы су хлорланғанына қарамастан, оның құрамында сальмонеллалар, стафилококктар және пневмонияны тудыруы мүмкін фекальді бактериялар – легионеллалар бар», – дейді маман.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, субұрқақтағы суда криптоспоридиоз тудыратын бактериялар болуы мүмкін. Бұл қатты іш өтумен, жүрек айнуымен, іш ауруымен және қалтыраумен сипатталатын ауру.

«Сондай-ақ балдырлар туралы айтар едім, онда цианобактериялар болуы мүмкін. Олар тері бөртпелерін, шырышты қабықтың тітіркенуін, аллергияны тудырады, тіпті, бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігіне соқтыруы мүмкін. Ал егер бала субұрқақта шомылып жүріп, кіші дәрет сындырса, циститке шалдығуы мүмкін», – деп атап өтті нутрициолог.

Ол аталған ауруларды қоспағанда, ауыр жарақат алу мүмкіндігіне де назар аударды. Себебі, субұрқақта шомылу кезінде суды зарарсыздандыратын реагенттермен химиялық күйік алу қаупі де бар.

Бұған дейін де Қазақстанда субұрқақтарда балалардың тоққа түскен жағдайлары белгілі. Дегенмен, мұндай қауіптің барын білмейтіндер де, ескермейтіндер де жетерлік.

«Жарайды, вирустық немесе басқа да ауруларды емдеуге болар, бірақ, жарықтандыру немесе су сорғыш жабдықтардан электр жарақатын алып, мүгедек болып қалса ше? Тіпті, өлімге жеткізетін қауіп бар», – дейді маман.

Санитарлық ережелер мен қағидаларға сәйкес, субұрқақтарда шомылуға тыйым салынған. Бірақ бұл үшін ешқандай әкімшілік айыппұл қарастырылмайды. Силантьенің пікірінше, бұл заңды өзгерту керек және ата-аналармен алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет.

«Жалпы, ата-аналармен кез келген жағдайда профилактикалық жұмыстар жүргізген дұрыс. Отбасы институтын тартып, ата-аналарды жауапкершілікке тәрбиелеу керек. Егер бала үнемі субұрқақта ойнауға әуес болса, оның салдары ауыр болатынын түсіндіру қажет», – дейді нутрициолог.

Қазіргі аптап ыстықта субұрқақтарда ойнап, алаңсыз шомылып жүрген балалардың қарасы көп. Кейбірі қараусыз жүрсе, кейбірінің жанында ересектер де бар. Демек, субұрқақтың қаупі әлі де көпшілік тарапынан ескерусіз қалып жатыр.

Маманның пікірінше, жай ғана субұрқақтың жанында отырып, демалған жақсы. Егер ыстықтан қатты қиналсаңыз, суды бөтелкеге құйып алып, шайынып алсаңыз болады.

«Сонда ауру жұқтыру қаупі де, тоққа түсу қаупі де азаяды. Ең дұрысы, тәуекелге бармай, ешқандай субұрқаққа түспеген жөн», – деп түйіндейді Ксандра Силантье.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с