Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындарға мүлік салығын төлеу керектігін еске салды

Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар шілде айында меншік иелеріне жіберіледі. 

Көрнекі сурет

Елімізде меншік иелері тиісті салықты төлеуге міндетті. Мемлекеттік кірістер комитеті мүлік салығы 2023 жылғы 1 қазанға дейін кешіктірілмей төленуге тиіс екенін еске салды. Бұл туралы ведомсвоның ресми сайтында хабарланды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардың мүлiк салығының сомасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын салық салу мақсатында айқындайтын объектiлерiнiң құнына байланысты есептеледi.

«Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

Салықты есептеу кезінде жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық ставкасы қолданылады», – делінген хабарламада.

Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар шілде айында меншік иелеріне жіберіледі.

Сонымен қатар салық органдарымен есептелген салық сомасы туралы хабарламалар электрондық тәсілмен салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз түрінде – тапсырыс хатпен пошта арқылы, сондай-ақ ЕРЦ, АЛСЕКО және тағы басқа коммуналдық қызметтердің түбіртек-хабарламаларымен жолданады.

Бұдан басқа «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.

«Екінші деңгейдегі банктерден push-хабарламалар түскен жағдайда мүлік салығының алдағы сомаларын, МКК есептелген салық сомаларының дұрыстығын «e-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Электрондық сервистер» → «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, «Kaspi.kz» мобильді қосымшасында «Төлемдер» → «Айыппұл, салық» → «Салық» → «Мүлік және көлік салығы» сілтемелері арқылы тексеруге болады», – делінген хабарламада. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с