Құрылысты дұрыс бақыламаған батысқазақстандық 15 шенеунікке айыппұл салынды

Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген заңгерлер мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған шенеуніктерге айыппұл салынды. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген заңгерлер мәлімдеді. Осылайша қызметіне салғырт қараған 15 шендіге 6,5 миллион теңге айыппұл салынған. Олар мердігерлердің жұмысын бақыламай, заңсыздыққа жол беріпті. Осының кесірінен мектеп пен балабақша секілді әлеуметтік нысандарды жобалауда қате кетіп, құрылыс мерзімінен кешіккен. Ал мектебі уақытылы салынбай далада қалған оқушылар басқа ғимараттарда оқуға мәжбүр. Бүгінде өңірдегі әрбір төртінші нысан уақытылы салынбайды, дейді заңгерлер.

Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР:

Бұл жерде бақылаушы органдар көп былай қарап тұрсаңыз. Ол тек мердігерге керек емес. Тапсырыс беруші бар, оның қадағалаушы техникалық қадағалауы бар, авторлық қадағалауы бар, аудит бар. Сол жердің прокуратурасы бар. Жеме-жемге келгенде мердігерлер осының барлығына көзін жұмып қойып, алдай ма, сулай ма, басқа бір амал-айлаларын жасай ма екен, біз оны білмейміз. Сол құрылыстар бітпей, уақытында аяқталмай тұрады.

Мұны шенеуніктер де мойындайды. Айтуынша, облыстағы 13 нысанның құрылысы белгіленген мерзімінде аяқталмапты. Бұл аздай тендерді ұтып алған компаниялардың дені – басқа қаладан келген. Сондықтан техникалық жарақталуы көңіл көншітпейді.

Ринат ҒАЙНУТДИНОВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Басқа қалалардан келген компаниялардың материалдық-техникалық базасы жоқ. Бұл аздай құрылыс материалдары қымбат әрі жобалау кезінде тапсырыс берушінің қателігінен салынар нысанның құжатында кемшіліктер кетіп жатады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО Казталов ауданында мектеп салу кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапты тұлғаларға 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Дереккөз: Аstanatv

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с