«Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді»: кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Қаулы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкімет қаулысына қол қойды.

Құжатта мына мамандардың жалақысы өседі деп жазылған:

— жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтері:

— мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басшы қызметкерлері;

— стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлері;

— медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлері.

Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:

— 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

— 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

— 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.

Ал, Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі:

— 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

— 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде.

Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.5 ℃
Днем27.86 ℃
Вечером26.56 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.75 м/с
2026-07-13
Утром19.08 ℃
Днем27.99 ℃
Вечером22.64 ℃
Ночью20.35 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.98 м/с