БҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары 41% — ға өскен
Тек осы жылдың 6 айында 257 әйел дағдарыс орталығына жүгінген.

Соңғы үш жылда дағдарыс орталығына көмек сұраған әйелдердің саны артып келеді. 2021 жылы олардың саны 340, 2022 жылы – 508, ал осы жылдың 6 айында 257 әйел дағдарыс орталығына жүгінді.
Негізінен дағдарыс орталығына қолында 2- 4 баласы бар 20-35 жас аралығындағы әйелдер жүгінеді, — деп растайды Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүнісова.
— Олардың барлығы дерлік өздерінің жарларын дұрыс танып, білмей асығыс тұрмыс құрғандар. Олардың әңгімелері ұқсас: олар болашақ күйеуімен әлеуметтік желілерде кездесті, танысқаннан кейін бір аптадан кейін кездесе бастады, алты айдан кейін жүкті болып күйеуге шыққандар. Олардың көпшілігі жүктіліктен қорғану туралы тіпті білмейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары әлдеқайда көп, — дейді Жүнісова. «Олар үйден шығуға, тіпті полицияға барудан қорқады».
Бірінші шілдеден бастап заңға тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.
Енді зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік бұзушылықтар туралы істер жәбірленушілердің өтінішінсіз қозғалады. Полицияға куәгерлердің айғақтары мен бейнекамералардың жазбалары жеткілікті.
Заңмен тараптардың қайта татуласуы алынып тасталды. Бұрын сотта агрессордың немесе оның туыстарының қоқан-лоққыларының салдарынан тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істердің жартысы тоқтаған болатын.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Бұрын сот 1-ден 5 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырған болса, қазір агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке, қайта жасалған жағдайда 10 тәулікке қамауға алынады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік 10 жылға дейін ұлғайтылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін, атап айтқанда, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, экономикалық, еңбек және құқықтық қызметтерді көрсетеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына келесі нөмірлер бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін хабарласуға болады: +7 (7112) 285 600, +7 702 835 99 39, +7 747 918 9445.
Психологиялық көмекті 150 нөмірі бойынша, заң көмегін 119 нөмірі бойынша алуға болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық өскен
Қазақстанда тұрмыстағы зорлық құрбандарына көмек көрсету стандарттары қабылданды
1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді
Отбасында зорлық-зомбылық жасағандар енді айыппұлмен құтылып кетпейді
