БҚО-да үш мектепті жөндеу құрылысы әлі аяқталмаған

Батыс Қазақстан облысында мектептердегі жөндеу ұзаққа созылуы жарты мың оқушының оқу жылын өз мектебінде емес, басқа жерде бастауына себеп болып отыр.

«ОА» мұрағатынан

Базартөбе және Роздольное ауылдарындағы мектептердің оқушылары өз мектебіне бара алмайды. Білім ошақтарындағы жөндеу кешігіп жатыр. Ауыл балалары оқу жылын мәдениет үйі мен әкімдік ғимараттарында бастайды. Өңірдегі үш мектеп бірнеше жылдан бері жөнделіп келеді, деп хабарлайды 24kz.

«Биыл 6 мектеп жөнделіп жатыр, оның ішінде 3 білім нысаны 1 қыркүйекке дейін дайын болады. Ал қалған 3 білім нысанына қауіп төніп тұр. Жөндеу кешігіп, жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс кестеден кешігіп жатыр. Жұмысшылар жұмыс орнында жоқ», — дейді БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Клара Меңдіғалиева.

Сондай мектептердің бірі — Орал қаласының орталығындағы №8 гимназия мектебі. Оны жөндеу 2019 жылы басталды, бірақ әлі аяқталмаған. Осы уақытта мердігерлер ауысқанымен олар мектептің ашылуын жақындата алған жоқ. Балалар тағы үш мектепте оқуын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар 79 білім беру нысаны күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның 28-і бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Бұл оқу орындарын жөндеу үшін мемлекет қазынасынан 16 млрд теңге керек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Құрылысты дұрыс бақыламаған батысқазақстандық 15 шенеунікке айыппұл салынды

БҚО Казталов ауданында мектеп салу кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапты тұлғаларға 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстанда биыл үш мектептің құрылысы аяқталмақ

Орал тұрғындары бұзылған мектептің құрылысын үш жыл бойы күтуде

Оқушылар қонақ үйде оқыған: БҚО ауыл тұрғындары мектептегі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды

БҚО-дағы тоғыз мектеп шамадан тыс жүктемемен, үш ауысымда жұмыс істейді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.18 ℃
Днем4.11 ℃
Вечером4.23 ℃
Ночью1.91 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.16 ℃
Днем2.55 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.31 м/с