Енді азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырғанда әскери комиссариатқа автоматты түрде тіркеледі

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қазақстан армиясын цифрландыру аясында Қарулы Күштер мен мемлекеттік органдардың деректер базасы біріктіріліп жатқанын айтты. Енді азаматтар тұрғылықты жерін ауыстырған кезде жаңа военкоматқа тіркелудің қажеті жоқ.

Министрдің орынбасары атап өткендей, ведомство «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп Zhanger.kz жүйесін әзірледі. Ол қазірдің өзінде құрылды, тест жұмыстары және мәліметтер базасымен интеграциялау жүргізіліп жатыр.

«Ел ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде азаматтарды тіркеу және әскери есептен шығару қызметтерін тестілеу жалғасып жатыр. Жыл сайын 300 мыңға жуық адам бір жерден екінші жерге қоныс аударады. Олар отбасылық жағдайға байланысты басқа жұмысқа орналасып жатады. Бір Әскери комиссариаттағы есептен шығып, басқа әскери комиссариаттың тіркеуіне тұру үшін біраз уақыт керек, жүгіру керек. Адам бұл мекемелерге бірнеше рет баруы керек. Біз қажет мәліметтер базасы арқылы интеграция әзірледік», деді Дархан Ахмедиев.

Оның айтуынша, жүйе адам тұрғылықты мекенжайын өзгерткен кезде көрсетіледі. Бұл адамды жаңа жердегі шақыру кестесіне автоматты түрде бекіту үшін жеткілікті болады.

«Біз оның әскери комиссариаттағы дерегін автоматты түрде өзгертеміз. Еенді адамға жеке өзі барып, жаңа әскери комиссариатқа тіркелудің қажеті болмайды», деп мәлімдеді Дархан Ахмедиев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Енді 17 жастағы балаларды әскери есепке қою автоматты түрде жүргізіледі

Запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылады – Үкімет қаулысы

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.99 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с