Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді

Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті ақпарат таратты.

«ОА» мұрағатынан

«2023 жылғы 31 шілдедегі бұйрықпен Техникалық реттеу және метрология комитеті 2023 жылға арналған «Жалпы білім беру мекемелерінің санитарлық тораптары. Жалпы талаптар қатысты» ұлттық стандарттау жоспарына толықтырулар енгізді, делінген аталған комитет хабарламасында.

«Аталмыш өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өтінімі бойынша енгізілген және елімізде мектептердегі санитариялық тораптарға бірыңғай стандартталған талаптарды белгілеуге, санитариялық тораптардағы балалар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, оның ішінде кабиналарға қойылатын талаптарды айқындауға, гигиеналық құралдардың болуына және қозғалысы щектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құруға бағытталған».

Өтінім «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК Ғылыми-техникалық кеңесінде қаралды, стандартты биыл бекіту жоспарлануда.

«Жасыратыны жоқ, мектептердегі санитарлық тораптардың сапасына қатысты сұрақтар көтеріліп тұрады. Сондықтан экологиялылық, санитария, қолжетімділік және басқа да маңызды жағдайлар тұрғысынан қазіргі заманғы тәсілдер негізінде бірыңғай стандартты белгілеу бұрынан іске асырылып жатқан міндет», – деп атап өтті ҚР СИМ ТРМК төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Бұған дейін мектептерде негізінен ауылдық елдімекендерде 50 дәретхана сыртта орналасқаны хабарланған болатын. Кейбір мектептерде, әдеттегідей барлық дәретханалар жұмыс істей бермейтіні, санитарлық тораптар жөндеуді талап етілетіні де сынға алынған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с