БҚО-дағы жолдарды күрделі жөндеу. Қай учаскелерде қозғалыс ашылды?

“ҚазАвтоЖол” басқарма басшысы Мейірхат Қасымбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге өңірдің оңтүстік аудандарына апаратын «Өнеге-Бисен-Сайхын» және «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» жолдарының құрылыс барысын кезекті рет тексерді.

Фото БҚО әкімдігі

Қыста қажет инертті материалдарды белсенді дайындағанның нәтижесінде қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. ҚТЖ-мен бірлесіп Сайхын, Жәнібек, Орал тауарлық және Тәуекел теміржол тұйықтары арқылы қиыршық тас жеткізуге арналған вагондар санын арттырдық. Мамандар қиыршық тасты бір күн сайын жеткізіп жатыр. Битум мәселесі де күн тәртібінде тұрған жоқ. Материалдың бір бөлігі қыста алынса, қалғаны қазір Ресейден жеткізіліп жатыр.Екі жолдың жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайды, оның 170 шақырымына жаңа асфальт төселді. Маусымның соңына дейін мердігерлер қалған 75 шақырымға асфальт төсеуге міндетті. БҚО-ның оңтүстік аудандарында ауа-райы қараша айының ортасына дейін құрылыс жұмыстарымен айналысуға қолайлы екенін ескерсек, мердігерлердің алдына қойылған міндеттемені орындауға әбден мүмкіндігі бар. Су өткізгіш құбырлар мен көпірлердің құрылысы 85% аяқталды. Мал айдау өткелдерін салу жұмыстары толығымен аяқталды, – деп атап өтті Ұлттық компания басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Жаңа асфальт төселіп, қозғалыс қамтамасыз етілген жол аралықтары:

– Өнеге ауылынан Бисен ауылына дейін;

– Сайхын аудан орталығынан Хан орда ауылының бұрылысына дейін;

– Күйгенкөл ауылынан Жәнібек аудан орталығына дейін;

– Қазталов аудан орталығынан Ащысай өзені арқылы өтетін көпірге дейін;

– Ащысайдан әрі қарай тағы 15 шақырым жолға жаңа асфальт төселді.

Мердігер ұйымдарға проблемалық учаскелердегі құрылыс жұмыстарын күшейту тапсырылды. Құрылыс маусымын жіберіп алмау маңызды. Күре жолдардың құрылысы компания мен өңір басшылығының басты назарында, – делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-15
Утром4.99 ℃
Днем10.14 ℃
Вечером12.74 ℃
Ночью11.9 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.59 м/с
2024-04-16
Утром9.8 ℃
Днем12.44 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью9.98 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.53 м/с