Қазақстанда жекеменшік мектептерде оқу ақысы арзандайды

Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бұйрығының жобасына сәйкес, баласын жеке мектепте оқыту үшін ата-ана төлемінің шекті мөлшері 2 есе төмендетіледі.

vku.edu.kz

Сондай-ақ, халықаралық аккредитацияға ие өзіндік оқу бағдарламасы бар мектептер үшін де оқу ақысының шекті мөлшері 2 есе (2400 АЕК-тен 1200 АЕК-ке) азаяды.

Бұл ретте аталған шекті мөлшерге білім алушылардың тұру (интернаттық ұйымдар), оларды жекеменшік орта білім беру ұйымына жеткізу және (немесе) кері қарай тасымалдау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс қосымша білім беру қызметтері мен білім беру, сондай-ақ ерікті түрде жүзеге асырылатын білім алушылардың тамақтануы үшін төлемақы қосылмайтынын айта кету керек.

«Өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл мерзім жекеменшік орта білім беру ұйымдарының білім алушылардың заңды өкілдерімен өз қызметтеріне шарттар дайындауы және ресімдеуі не ата-аналық төлемді төмендету бөлігінде қолданыстағы шарттар бойынша қосымша келісімдер жасасуы, сондай-ақ ұйымның жаңа баға сегментінде дамуын қаржылық жоспарлау үшін жеткілікті. Жекеменшік білім беру ұйымдарында балалар үшін оқудың қолжетімділігін арттыру мақсатында ата-аналық төлемақының мөлшерін 50 пайызға қысқарту көзделеді», делінген құжатта.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 16 тамызға дейін.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-10
Утром3.99 ℃
Днем16.22 ℃
Вечером15.39 ℃
Ночью10.3 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.94 м/с
2026-05-11
Утром8.59 ℃
Днем15.99 ℃
Вечером14.28 ℃
Ночью12.63 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра6.78 м/с