БҚО-да теміржол билеттерінің маусымдық тапшылығы

Жаз шықса болды, батыс қазақстандықтарға Астана, Алматы қалаларына қатынау қиынға соғады.

Ашық дереккөзден

Өйткені әуе рейстерінің саны көрші Атырау, Ақтөбемен салыстырғанда 4 есе аз, әрі ұшу құны қымбат. Ал пойызда орын жоқ. Мәселен қазір Оралдан Алматыға дейін теміржолға тамыздың 31-не ғана билет бар.

— Август айына билет жоқ совсем, августың 20-ынан кейін керек.

Орал қаласының тұрғыны Күләш Рысбаева билет алсам деп, теміржол бекетіне бүгін арнайы келген. Үміті ақталмады. Енді үйіне қайтып барады.

Күләш Рысбаева, Орал қаласының тұрғыны:

— Билет жоқ дейді, бірақ екі-үш күн қалғанда келу керек дейді. Сонда билет болуы мүмкін дейді Таразға.

– Енді не істейсіз?

– Дым да істемеймін. Күтем.

Дариға, қала тұрғыны:

— Жазда үнемі осылай ғой. Бәрі демалуға барады. Оқуға баратын балалар бар. Өте қиын мәселе. Алдын-ала қамданып, ертерек алып қою керек билетті.

Бірақ қазір пойызға бір ай бұрын да билет алу мүмкін емес. Банк қосымшасы арқылы бұған біз де көз жеткіздік. Оралдан Алматыға тамыздың 31-іне ғана орын бар. Оның өзі тальгоға. Бағасы 45 мың. Ұшаққа билет 64 мың. Амалы таусылғандар 3 мың шақырымға өз көліктерімен баруға, не таксиге мінуге мәжбүр. Нұрлан Рақымжанов солардың бірі. Алдағы апта Түркістанға аяқтай кетіп барады.

Ашық дереккөзден

Нұрлан Рақымжанов, қала тұрғыны:

— Машинамен шығып бара жатырмыз енді, нар тәуекел деп жүреміз. Оңай емес мына аптап ыстықта. Жолдың енді барлығы тегіс емес. Ақтөбеден әрі қарай жол шамалы деп айтады. Соған енді тәуекел деп барамыз шыбын жанымызды түйіп дегендей.

Араға күн салып Оралдан Алматыға 3, Астанаға 2 пойыз жүреді. Орташа есеппен алғанда күніне Алматыға 700, бас қалаға 400 жолаушы қатынайды. Бірақ бұл шалғайдағы батысқазақстандықтарға аз екені анық. Әсіресе, аяқ астынан жолға шыққан сырқат жандарға билет таппай шарқ ұрамыз дейді бекет бастығы.

Қайырболат Ғайнеден, теміржол бекетінің басшысы:

— Билет сұрайтындар бар. Енді және өзімізде Астанада, Алматыда бәрі институттар бар ғой неирохирургия дейді, президент медициналық мекемелер бар, соның бәріне барып жатыр ғой. Оның үстіне жазда квота береді ғой операцияларға. Соған байланысты сұраныстар бар.

Жаз айларындағы билет тапшылығын жергілікті теміржол басшылары бек жақсы біледі. Бірақ жолаушы тасымалын жақсарту біздің қолымыздан келмейді дейді. Осы өзекті мәселені индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың облысқа сапары кезінде көтергенбіз. Қазір вагон жоқ, боп жатса көрерміз деген. Екі ай өтті әлі нәтиже көрінбейді. Енді бұл мәселеге облыстық мәслихат депутаттары да назар аударып отыр.

Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат төрағасы:

— Жазғы айларда қажеттілік екі есе артады. Қазір сараптама жасадық. КТЖ басшылығын өңірге шақырып отырмыз, хат жолдап отырмыз депутаттар атынан. Алдағы уақытта жазғы айларда теміржол тасымалын біздің тұрғындарды Алматы, елордамыз Астана қаласына бару үшін қосымша тағы екі состав керек. Бір состав Астана қаласына болса, бір состав Алматы қаласына.

Әуе қатынасы да мәз емес. Мәселен халық саны қарайлас Атыраудан Астанаға аптасына 24 рейспен 13600 адам ұшса, Ақтөбеден 26 рейспен 18 мың жолаушы қатынайды. Ал Оралдан небәрі 11 рейспен 3168 ғана тұрғын ұшады екен. Бұған дейін азаматтық авиация комитетінің басшылығына бір ай уақыт берген депутаттар енді теміржол қатынасын да жақсартуды талап етпек.

Дереккөз: 24.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-19
Утром16.44 ℃
Днем22.31 ℃
Вечером21.6 ℃
Ночью18.97 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.62 м/с
2026-07-20
Утром17.53 ℃
Днем26.35 ℃
Вечером24.99 ℃
Ночью20.18 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.95 м/с