Қазақстанда автокөлікті техникалық байқау туралы құжат цифрлық форматқа көшіріледі
2023 жылдың күзінен бастап қазақстандық автокөлік жүргізушілері өздерімен бірге техникалық байқау құжатын алып жүруге міндетті емес: ол eGov Mobile мобильдік қосымшасының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

3 тамызда ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, министрлік «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп автокөлікті техникалық байқау туралы құжатты цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Техникалық тексерудің диагностикалық картасы осы күзде eGov Mobile мобильді қосымшасының жеке кабинеті арқылы қол жетімді болады.
«IT-мамандар сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстар жүргізуде. Интеграциялық жұмыстардан кейін сервистің пилоттық нұсқасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жарияланады», — деп атап өтті министрлікте.
Жобаның жоспары бойынша құжаттың цифрлық нұсқасы тексеруші органдардың дерекқорында сақталатын болады. Оның болуын қолданба арқылы кез келген уақытта тексеруге болады. Сандық тексеру құжаты қағаз құжатымен бірдей заңды күшке ие болады.
Дереккөз: zakon.kz
