БҚО-да оңтүстік аудандарға киіктен 8 млрд теңгеге жуық шығын келген
Аудандарда құрылған комиссиялармен анықталғандай, 1 млн 289 мың га, соның ішінде 1 млн 261 мың га жайылым, 23,7 мың га шабындық, 5 мың га дақылдар егісі киікке тапталған.

Биыл мал азықтығы дақылдардың алқабы 189,2 мың га құраса, соның ішінде 154,0 мың га алқапта өткен жылдардағы көп жылдық шөптердің егісі болған. Біржылдық шөптер алқабы –17,8 га, көпжылдық шөп егісі – 15,5 га, сүрлемдік дақылдар алабы – 1,9 мың га. Мал азығын жинап алар тұста шаруалар бетпе-бет келетін мәселер бар. Мәселен, Тасқала, Казталов, Бөкейордасы, Бәйтерек, Жәнібек аудандарының шаруашылықтары мен егілген екпе шөптері киікке тапталып, шығынға әкеліп соғып отыр. Өңірдің мал азығына қажеттілігі 2100 тонна болса, соның 59% ғана әзір. Оның басым бөлігі былтырдан қалған жем-шөп қоры.
Наурызбай Қарағойшин, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
— Күні бүгінге 1300-ге жуық шаруа қожалығына алты ауданның анықталған жерлерге 7,9 миллиард теңге қарастыру жөнінде жасақталған методика бойынша есеп толығымен ауылшаруашылық министрлігіне жолданды. Бұл ешқандай төтенше жағдай емес. Киік мәселесінен зардап шеккен жағдайда төленетін қаржы. Республикалық бюджеттен қарастырылып, төлену жағдайы қарастырылып жатыр.

Облыс бойынша 1 млн 289 мың га, соның ішінде 1 млн 261 мың га жайылым, 23,7 мың га шабындық, 5 мың га дақылдар егісі киікке тапталған.
Өңірде қысқа жем-шөпті қамдау өткен айдан бастап қолға алынды. Қазір 1 рулон табиғи шөптің бағасы 3 мың теңгеден басталса, кейбір аудандарда 8000 теңгеге дейін жетеді. Қазталов, Жаңақала аудандары көлтабан жерлеріне су мол шығып, шөп өнімділігі 6-8 ц/га құрап отыр. Жаңақала ауданында көлтабан басынан рулон бағасы 5 мың теңге болса, Қазталов ауданында 4 мың теңгеден тасымалмен сатылып жатыр.

