Орал колониясындағы тұтқындар жаппай ұрып-соғу туралы хабарлады

Кеше, 3 тамызда Оралдағы №28 мекеменің тұтқындары туған-туыстарына ұрып-соққан бейнежазбаларын жібере бастады.

Бейнежазбадан скриншот

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 3 тамыз күні Ақтөбе көшесі, 291 мекенжайында орналасқан РУ-28 мекемесінен шақырту түскен.

«Сағат 20.33-те облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 103 операторына РУ-28 мекемесінің кезекші қызметкерінен жазасын өтеушілердің денсаулығына қатысты шағымданғаны жөнінде хабарланды. Оқиға орнына 4 бригада барып, 47 жазасын өтеушіні қарады. Соның ішінде 26-дан 47 жасқа дейінгі 11 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Бас сүйектері, кеуде тұсы, қабырғасы рентгенге түсірілді. Травматолог пен нейрохирург қарап, кеңес берді. Жағдайлары қанағаттанарлық, амбулаторлық ем алуға ұсынылды. Жазасын өтеушілер айдауылға берілді», — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің нақтылауынша, қауіпсіздігі жоғары №28 мекемесінде 3 тамыз күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жалпы тінту жоспарлы іс-шаралары жүргізілген. Оған департаменттің жеке құрамымен бірге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және БҚО прокуратурасының өкілдері қатысқан.

Фото әлеуметтік желіден

«Тінту жұмыстары аяқталғаннан кейін жазасын өтеушілер тыйым салынған заттарды тәркілеуге қарсылық білдіріп, қайтып беруді талап ете бастады. Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына құлақ аспаған олар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге айқайлап, тіл тигізуін жалғастыра берді. Құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату үшін жазасын өтеушілердің бір бөлігі тәртіп изоляторына орналастырылды. Оқиға орнында департамент басшылығы мен прокуратура өкілдері болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 428-бабына (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тексеру жүргізіләп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Оған қоса, БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады», — делінген ресми хабарламада.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-08
Утром0.43 ℃
Днем1.9 ℃
Вечером1.25 ℃
Ночью-2.64 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.55 м/с
2025-12-09
Утром-5.65 ℃
Днем-2.89 ℃
Вечером-3.62 ℃
Ночью-4.53 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.74 м/с