1 қыркүйектен бастап иттер мен мысықтар есепке алынады

1 қыркүйектен бастап мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады.

©livestrong.com

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.

«Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады», делінген министрлік хабарламасында.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды, сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады.

Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.

Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.

Еnergyprom.kz порталының ақпаратына сай, еліміздің ірі қалаларында мысықтар мен иттерге чип тағу қызметінің бағасы 3,5-8 мың теңге аралығында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да 20 мыңға дейін мысықтар мен иттерді чиптеу жоспарлануда

БҚО – да қаңғыбас иттер азаймай тұр-Ветеринария басқармасы

Экология министрі: Иесіз иттерге байланысты шағым шынымен көп

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром16.55 ℃
Днем19.45 ℃
Вечером24.39 ℃
Ночью17.14 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.72 м/с
2025-06-25
Утром16.57 ℃
Днем26.15 ℃
Вечером25.37 ℃
Ночью18.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.44 м/с