Бес өңірде әкімдіктер бәсекелестік пен мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті шектеген

Қазақстанда монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 33 іс тергеліп жатыр.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) алқа отырысында мәлім болды.

“Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 48 тергеу аяқталды, тағы 33 іс тергелуде. Жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл санкциялары салынды. Соттар 40-тан астам монополияға қарсы істі қарап жатыр. Құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізілген бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша бюджетке 15 млрд теңге өндірілді (2022 және 2023 жылдың 1 жартыжылдығы). Осылайша, жүргізілген тергеулер санының артуы да, салынған айыппұлдар сомасының өсуі де байқалады. Жүргізілген тергеу және оларды соттарда қарау тәжірибесі жетілдірілуде”, – делінген ведомсвто хабарламасында.

Сонымен қатар, коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме саудада өткізу нарығында өңірлік көмір тұйықтарының көмір кен орындарына тікелей қолжетімділігі қамтамасыз етілген.

“Бұл олардың шығындарын 5,6 млрд. теңгеден астам сомаға азайтты. Энергетикалық көмір нарығында оның монополиялық жай-күйі мен ашық емес баға белгіленуіне байланысты нарықтың негізгі қатысушыларының бағаларын тікелей реттеуді енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады”, – деп мәлім етті агенттік.

Бұдан бөлек, жарты жыл ішінде азық-түлік бөлшек сауда қызметтерін көрсетуге арналған нарықты кешенді талдау қорытындысы бойынша бөлшек сауда нарығына кірудегі кедергілер анықталған, сондай-ақ сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзудың 27 фактісі анықталды.

Сондай-ақ, ведомствоның аумақтық департаменттері атынан жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг нәтижелері бойынша бес облыста (Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, ШҚО, БҚО) әкімдіктердің атына бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша хабарламалар шығарылды. Осы өңірлерде ЖАО-ның бірдей жағдайлар кезінде бәсекелестікті шектеген, нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуге кедергі келтірген әртүрлі шешімдер қабылданғаны анықталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-19
Утром19.56 ℃
Днем28.06 ℃
Вечером26.63 ℃
Ночью21.11 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра9.77 м/с
2026-05-20
Утром16.69 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером27.76 ℃
Ночью20.64 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.62 м/с