Министрлік Қазақстанда Yandex.kz сайтының ашылмау себебін түсіндірді

ҚР Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі бұл шектеу Қазақстан Республикасының территориясынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурсты орналастырумен байланысты екенін мәлімдеді.

9 тамызда Қазнет пайдаланушылардың көпшілігі Yandex.kz сайтын аша алмады. Министрлік бұл шектеуге қатысты түсініктеме берді.

«2023 жылдың 9 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығымен бекітілген Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелерінің 16-тармағының 6-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурсты орналастырғаны үшін www.yandex.kz домендік атауы жұмысы тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Министрлік «Яндекс» ААҚ-ға компания пайдаланатын деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері және ҚР азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары, сондай-ақ «Яндекстің» құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары туралы толық ақпарат беруді талап ете отырып, сауал жолданғанын мәлім етті.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы «Яндекс.Такси» қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған.

Қазақстандағы Яндекс Go компаниясы бұл ақпаратқа түсініктеме беріп, Ресей заңнамасы Қазақстандағы қызметке және оның пайдаланушыларына қатысты қолданылмайтынын жеткізген.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром22.49 ℃
Днем31.74 ℃
Вечером32.99 ℃
Ночью24.88 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.73 м/с
2025-07-17
Утром19.12 ℃
Днем27.52 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.13 м/с