Жаһанды жаяу аралауға шыққан ұлытаулық ақсақал Ресей шекарасына жетті

Жаһан елдерін жаяу аралау үшін Атыраудан жолға шыққан ұлытаулық ақсақал Ресей шекарасына жетті.

Саяхатшы 8 тамызда Қазақстан-Ресей шекарасына жеткен. Бұл туралы саяхатшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Міне, шекараға жеттім. Бірінші шекарадан өткелі тұрмын. Атыраудан 300 шақырымнан астам жаяу жүрдім. Жолдың кейбір жері нашар, кейбір тұсы жақсы. Жол салынып жатыр. Келесі жылға дейін бітетін шығар. Бүгін міне, бірінші рет шекараны көріп, қобалжып тұрмын. Алла сәтін салса, өтермін, сау болыңыздар, қазақстандықтар», — деді Сәрсенбай Қотырашов.

Егде жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов әлемді жаяу аралау сапарына шығар алдында атыраулық жастармен кездесті.

«Менің жаяу сапарым әлемнің бірнеше елін қамтиды. Қазақстаннан жолға шығып, Ресей, Грузия, Түркия, Болгария, Сербия, Венгрия, Австрия, Германия, Франция, АҚШ, Қытай, Моңғолия елдеріне барамын. Кейін Ресей арқылы Қазақстанға оралуды көздеп отырмын. Жаяу сапарым 2 жылға созылып, 2025 жылдың тамызында аяқтаймын деген жоспарым бар», — дейді Сәрсенбай Қотырашов.

Сәрсенбай Қотырашов жаяу сапарын бірнеше бағытқа бөлген. Алғашқы маршруты – Қазақстан, Ресей, Грузия, Түркия елдеріне бару. Бұл елдерді аралау үшін 3 мың шақырымға жуық жол жүреді. Бұған 100 күн қажет.

Екінші бағыттағы Түркия, Франция, АҚШ елдерін 180 күнде аралауды жоспарлап отыр. Бұл үшін 9 мың шақырымнан астам жолды еңсермек.

Үшінші кезеңе АҚШ-тан бастап, Қытай, Моңғолия, Ресей арқылы Қазақстанға оралады. Бұл кезеңде 130 күнде 4 мың шақырымнан астам жол жүреді. Ол екі жылда 16 210 шақырымды бағындырмақ.

Дереккөз: https://astanatv.kz/kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-13
Утром10.54 ℃
Днем18.84 ℃
Вечером18.27 ℃
Ночью17.97 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.07 м/с
2026-04-14
Утром13.97 ℃
Днем16.23 ℃
Вечером17.96 ℃
Ночью13.11 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.86 м/с