БҚО-да жол құрылысына ₸85 млрд қарастырылды

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін жерігілікті асфальт жолдардың үлесін 46-дан 52% дейін жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ОА» мұрағатынан

Биыл жол құрылысына барлық қаржы көздерінен 85 миллиард теңге қаралған. Оның 17 миллиарды қала және ауылішілік көше жолдарына бағытталса, 39 миллиарды республикалық трассаларға, 27 миллиарды облыстық маңыздағы жолдарға арналған.

Барбастау-Ақжайық-Индер жолы Орал-Атырау трассасына балама бағыт саналады. Бұл жақпен негізінен Жайықтың Бұқар бетіндегі елді мекендердің халқы қатынайды. Барбастаудан Индерге дейін 307 шақырым болса, қазір құрылыс 43-93 шақырым арасында жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған. Алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаны түзету уақыт алыпты.

Айдар Меңеев, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

— Келесі жылы жолды толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз. 43-93 шақырым. 93-143 км қазір жоба сметалық құжаттарын жасақтап, сараптамаға бердік. Сараптаманың оң қорытындысын алғасын қыркүйек айында мердігерді анықтауға байқау жариялайтын боламыз.

Орал-Атырау күрежолында қозғалыс көп. Көлік апаттары да жиі болады. Жайықтың сол жақ бетімен жаңа жол салынуы оқыс оқиғалардың азаюына ықпал етпек. Күнгі бүгін 43-93 шақырымның 32 шақырымы салынған. Жөндеуді межелі уақытта аяқтаймыз, — дейді мердігер. Алайда құрылысқа кедергі болар жайттар бары жасырын емес.

Дәурен Ерғалиев, мердігер:

— Проблемалық сұрақтардың бірі вагон жоқ. Материал келу барысы өте қиындап кетті, қиыршық тас сияқты материалдар келуі. Осы 2 жылдықта баға қымбатшылығы мен материалдар қымбатшылығы кесірінен жұмыстар бәсеңдеп қалды.

Орал өңірінде облыстық маңыздағы жолдардың жалпы ұзындығы 4762 шақырым болса, соның 46% ғана асфальт төселген. Осы жарамды жолдардың үлесін жыл соңына дейін 52 % жеткізу жоспарланған.

Айдар Меңеев, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

— Бұл енді республика бойынша ең төменгі көрсеткіш болып саналады. Оның көптеген себептері бар. Олардың бірі жол желісінің ұзындығы, сонымен қатар ауылдық елді мекендердің көптігі. 416 ауылдық елді мекен бар. Оларға бір мезетте жол салу мүмкін емес. Сол жолдың сапасын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы жергілікті жерлерді дамытуға 26,6 млрд қаражат бөлінді. Сол сомаға бізде қазір 55 жоба жүзеге асып жатыр.

Биыл қала және ауылішілік жолдарды қосқанда Орал өңіріне жол құрылысына 85 миллиард теңге бөлініпті. Осы қаржыға 617 шақырымға асфальт төсеу жоспарланған. Соның 150 шақырымы республикалық, 335 шақырымы облыстық маңыздағы жолдар.

Дереккөз: 24.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем-1.01 ℃
Вечером0.24 ℃
Ночью-0.1 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-3.33 ℃
Днем-5.7 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-12.67 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.69 м/с