Бас прокуратура Ресейден сепаратизм үшін айыпталған оралдықты қайтаруды талап етті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Яковченконы экстрадициялау туралы өтінішін ресейлік тарап қарап жатырғаны белгілі болды.

«ОА» мұрағатынан

Теректі ауылының 35 жастағы тұрғыны Максим Яковченко «Орал мен Қазақстанның тағы бірнеше қаласын Ресейге беру керек» деп аты шыққан адам. Полиция оны бірден тауып, сепаратизм мен ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен бірден ұстаған. Кейін ол Ресейге қашып кеткен. Енді қазақстандық прокурорлар ресейлік әріпестерінен Яковченконы қайтаруды талап етіп отыр, деп жазады mgorod.kz .

Іс Орал қалалық сотына жіберілді, алайда 2022 жылдың 11 қазанында айыпталушы басты сот отырысына келмеді. Судья Наиля Жүнісова мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды. Соттың облыстық психикалық денсаулық орталығына берген сауалына берген жауабынан Яковченконың ауруханаға жатқызылмағаны белгілі болды (ер адамның өзі жасөспірім кезінде қатты соққыға жығылғанын, сондықтан психикалық денсаулығында ақау бар екенін айтқан).

Былтыр 14 қазанда Максим Яковченко шақырған сотты тағы да елемеді. Полиция қызметкерлері де оны тұрғылықты жерінен таба алмаған. Сол тұста оның бірнеше апта бұрын үйін сатып, елден кетіп қалғаны анықталды.

Кейінірек Максим Яковченконың өткен жылдың 1 желтоқсанында Ростов облысында ұсталғаны белгілі болды. Бірақ Ресейде босқын мәртебесін алған соң оны елге қайтару мүмкін болмай тұр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекараны кесіп өтту жөнінде ақпарат азаматтардың жеке деректері саналатынын, оны жариялауға болмайтынын хабарлаған.

Алайда Қазақстаның Ішкі істер минитсрлігі Яковченконың қайда жүргенін анықтапты. Биыл наурызда Бас прокуратура ресейлік әріптестеріне оны Қазақстанға қайтару жөнінде хат жолдаған.

Орал қалалық соты сотталушы табылып, қамауға алынғаннан кейін қылмыстық іс қайта қарау үшін сотқа жіберілетінін жеткізген. Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Нұрдәулет Сүйіндіков редакция сауалына жауап бере отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Яковченконы экстрадициялау туралы өтінішін ресейлік тарап қарап жатқанын айтты. Экстрадициялық тексеру аяқталмаған. Бұл ретте Сүйіндіков мұндай өтініштерді қарау Ресей Бас прокуратурасының айрықша құзыретіне жататынын баса атап өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресей сепаратизмді насихаттаған қазақстандыққа босқын мәртебесін берді

Оралда сепаратизм және ұлттық алауыздықты қоздырды деп айыпталған адам Ресейге қашып кетті

Орал тұрғынына сепаратизмді насихаттады деген айып тағылды

Орал тұрғынына ҚР қалаларының Ресейге қосылуы туралы сепаратистік мәлімдемелерді жариялағаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-0.78 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с