Коронавирустың жаңа штамы тарауда: Қазақстанда шектеу енгізіле ме

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова «Коронавирустың жаңа штамына қатысты карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Наурыз айының соңында омикронның жаңа штамы Eris тіркелді, қазір ол бүкіл әлемге тарап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда, омикронның бұл түрі 45 елде бар. Кейінгі 5 аптада осы штамм өте тез тарады. Егер 5 апта бұрын оның омикрондағы жалпы үлесі 5% болса, қазір ол 12 пайызға жетті», – деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, Eris-тің омикронның басқа штамдарынан айтарлықтай ерекшелігі байқалмаған. Яғни бұл штамм жұқпалы болғанымен, оны науқастар жеңіл еңсеріп жатыр және ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Коронавирустың барлық түрлері сияқты ол егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары барлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.

Журналистер вице-министрден: «Жаңа штамның таралуынан карантиндік шектеулер енгізілуі мүмкін бе?», – деген сұрақ қойды.

«Қазір бұл туралы айту әлі ерте. Әзірге, қолда бар деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі аса ауыр болады деген ақпарат жоқ. Бұл штамм көп жағдайда жеңіл өтіп жатыр. Қауіп әлі де жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары барларға және қарт адамдарға ғана төніп тұр. Жалпы, карантин немесе шектеу шараларын енгізу қарастырылмаған», – деп қосты Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, жақында Үндістанда коронавирустың жаңа түрі – Eris анықталған болатын.

Дереккөз: stan.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-21
Утром13.84 ℃
Днем24.31 ℃
Вечером24.99 ℃
Ночью19.77 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра5.32 м/с
2025-04-22
Утром15.58 ℃
Днем24.93 ℃
Вечером24.98 ℃
Ночью19.06 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.31 м/с