Орал тұрғыны әлеуметтік әділдік талап етіп пикетке шығып, аштық жариялады

9 тамыз таңертең Орал қаласында белсенді Бекболат Өтебаев «Аштық. Әлеуметтік әділдік талап етем» деген плакатпен бір адамдық пикетке шықты.

Орал тұрғыны Бекболат Өтебаев пикетке шыққан сәт. 9 тамыз 2023 жыл.

9 тамыз таңертең Орал қаласында белсенді Бекболат Өтебаев «Аштық. Әлеуметтік әділдік талап етем» деген плакатпен бір адамдық пикетке шықты.

— Жұмыс істеу қабілетін жоғалтқандардың жәрдемақысына қосылған ақшаға көңілім толмайды. Небәрі 8 мың теңге қосты, бұл халықты мазақтау ғой, — дейді Өтебаев.

Оның сөзінше, жәрдемақы көбейгеннің өзінде өмір сүруге жетпейді.

— 10 мың теңгеге анализ тапсыруға мәжбүр болдым. Екінші топтың мүгедегімін, сол үшін 500 теңге жеңілдік жасады. Яғни, 9500 теңге төледім. Мен алатын жәрдемақы дәрігерден тексерістен өтуге де жетпейді, — дейді ол.

Өтебаев жұмыста жүріп, мүгедек болып қалған, сол үшін 68 мың теңге жәрдемақы алады. Ол аштық жариялау арқылы мүгедектер мәселесіне билік назарын аударғысы келеді.

— Жәрдемақыны көбейтіп, зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік берсін. Зейнет жасын қысқартып, кредиттерді кешірсін, — дейді Орал тұрғыны.

Өтебаевқа екі адам келіп, бірі камераға түсіріп тұрды, екіншісі әкімдік өкілі екенін жеткізді. Әкімдік өкілімін деген адам белсендіге «бейбіт митинг туралы заңды бұзып тұрғанын» ескертті.

— Бір ай бұрын аштық жариялайтыным туралы әкімдікке ескерттім. Әкімдік бұл мәселе заңда қарастырылмаған деп жауап берді. Маған аштық жарияламауға кеңес берді, бірақ тыйым салмады, — деді Өтебаев әкімдік жауабын көрсетіп.

Сәлден соң белсендіге әкімдік қызметкері келіп, ғимарат ішінде сөйлесуге шақырды. Өтебаев «екі рет әкім қабылдауында болғанымен, мәселесі шешілмегенін» айтты.

Орал тұрғыны «мәселем шешілмейінше әкімдік алдындағы алаңда аштықты жалғастырып отыра беремін, керек болса түнеймін» деді. Ол алаңға өзімен бірге жастық, көрпе және су ала келген.

59 жастағы Бекболат Өтебаев – Оралда бірнеше рет жалғыз адамдық пикетке шыққан белсенді. Ол пикеттерінде биліктен әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етеді. Өтебаев пикеттерінің бірінде «Аманат» партиясының лидерлерін сотқа тартуды ұсынған.

Дереккөз: Аzattyq

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-1.17 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с