Оқу жылын қысқартқаны үшін Білім министрлігін сотқа берді

Мектеп оқушыларының ата-аналары оқу жылын қысқартқаны үшін Білім министрлігін сотқа бермек.

Келесі аптада алматылық мектеп оқушыларының кемінде 20 шақты ата-анасы Білім министрлігіне қарсы топтық шағым түсірмекші.

Бұл туралы Orda.kz тілшісіне алматылықтардың мүддесін қорғайтын адвокат Жангелді Сүлейманов айтты.

«Мен 31 мамырға дейін оқу жылының аяқталуына қарсылық білдірген ата-аналар қауымдастығын құру туралы бастама көтердім. Қазірдің өзінде мені 600 адам қолдады, олардың 20-сы атынан келесі аптада Білім министрлігіне шағым түсіремін, оқу жылының аяқталуын 25 мамырға қайтарылуынталап етемін», – деді Сүлейманов.

Ол талап арызда білім беру ұйымдары тарапынан мектеп оқушылары мен ата-аналардың құқықтарын бұзу фактілері де көрсетілетінін атап өтті. Атап айтқанда, құжатта тым ауыр рюкзактарға, толып жатқан қосымшаларға және талапқа сай жабдықталмаған дәретханаларға баса назар аударылады.

«Мұндай заңбұзушылықтар жеткілікті, менің ойымша, алдымен олардан құтылып, барлығын қалпына келтіру қажет, содан кейін ғана оқу жылын ұзарту немесе ұзартпау туралы шешім қабылдау керек», – деп қосты заңгер.

Оның айтуынша, ата-аналардың өздері бірнеше себептермен 36 апталық оқу жылына қарсы. Біріншіден, олар оны ұзарту оқу үдерісін жақсартуға әсер еткен жоқ деп есептейді. Екіншіден, оқу жоспары әлі 25 мамырға дейін есептеліп, одан кейін балалар оқулықтарын тапсырып тастайды, бірқатар мектептерде сабақ болмайды. Үшіншіден, ата-аналардың айтуынша, мамыр айының соңғы апталарында ауа температурасының жоғарылауына байланысты балалар мектепте өзін жақсы сезінбейді, зейінсіз, немқұрайлылық танытып, сыныпта дау-дамайлар көбейген.

Сондай-ақ, ол алматылықтар қосымша екі апта оқуға байланысты балалардың таза ауада аз уақыт өткізгенін, ал кейбір отбасылардың жоспарланған демалыстарын өткізіп алғанын атап өтті.

Еске салайық, оқу жылын 34 аптадан 36 аптаға ұзарту туралы шешім 2022 жылы оқу процесін ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру, яғни мектеп оқушыларына түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданған болатын.

Осыдан кейін Білім министрлігіне оқу жылының аяқталу мерзімін қайта қарау туралы өтініштер түсе бастады. Мамыр айында мекеме уақыт бойынша соңғы шешім ғылыми тұрғыдан алынғанын, дегенмен балалар мүддесі үшін қабылданатынын айтқан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с