БҚО-да аманаттықтар нысандардың ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолжетімділігін тексерді

Сондай-ақ, олар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын назарға алды.

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ел аумағындағы қоғамдық нысандарға мониторинг жүргізілуде. Жоба мақсаты – ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олар үшін кедергісіз орта құру. Мәселен, жуырда Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында «АМАNАТ» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің және аудандық партиялық бақылау комиссиясының алқалы жиыны өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аманаттықтар Казталовка ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысымен, мектеп-лицейде және жатақханада жүргізілген күрделі жөндеу жұмысымен, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімімен және өзге де әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Мониторинг барысында партиялықтар кейбір мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толыққанды жағдай жасалмағанын атап өтті.

«Аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен салаға жауапты әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара байланыс жоқ. Себебі, біз тексерген ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғанымен, олар белгілі талаптарға сай келмейді. Пандус биіктіктігі дұрыс емес. Оған өзге адамның көмегінсіз кіру оңай емес. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты жағдай жасауға қауқарымыз жетпей отыр, оны жөндеуге қаражат бөлу қажет», — деді Кеңес мүшесі, Батыс Қазақстан мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожажанов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.37 ℃
Ночью-12.99 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с