Ресей импортына тәуелдіміз: Қазақстанда АИ-95 бензинінің қоры неше күнге жетеді

Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығын жанармаймен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына қатысты мәлімет берді.

фото: ашық дереккөзден

«Тамыз айында өндірілетін жанар-жағармай көлемі елдің ішкі нарығында қажет көлемді жабады. Мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелтілген көлемді ескере отырып, 15 тамыздағы жағдай бойынша елдің мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензинінің жиынтық қалдықтары 262 мың тоннаны құрады. Бұл көлем орта есеппен 19 күнге жетеді, оның ішінде МӨЗ-дегі қор – 12,1 мың тонна», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, АИ-95 маркалы бензинінің қоры 48 мың тоннаны құрап, 16 күнге жетеді. Соның арасында мұнай өңдеу зауыттарындағы қор 4,2 мың тоннаны құрады.

«Биылғы тамыз айында 403 мың тонна АИ-92 бензинін өндіру жоспарланған. Жалпы, ішкі нарықтағы сұраныс шамамен 380 мың тонна болады деп ескерілген. Тамыз айының басындағы 265 мың тонна көлеміндегі қалдықты ескере отырып, отынның осы түрінің жалпы көлемі 668 мың тоннаға жетеді. Бұл тұрғыда қазіргі өндіріс бензин бойынша ішкі сұранысты толығымен жабады. АИ-92 қалдығы тамыз айының соңында 291 мың тоннаның құрамақ», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында атқарылған жұмыстарды және осы зауытта АИ-95 өндіру болмағанын ескере отырып, теңгерімді сақтау үшін АИ-95 импорты жоспарланған болатын. Петросан 70 мың тонна, Газпромнефть 12 мың тоннаға келісімшарт жасады. Тамыз айында импорт — 21 мың тонна.

Бұған дейін тамыз айында Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-13
Утром0.19 ℃
Днем0.71 ℃
Вечером0.22 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 993
Скорость ветра7.95 м/с
2025-12-14
Утром-7.98 ℃
Днем-8.88 ℃
Вечером-10.36 ℃
Ночью-9.92 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 996
Скорость ветра13.3 м/с