Ресей мен КХДР арасында қару сатпақ болған қазақстандық компания санкцияға ілікті

АҚШ-та оған қатысты барлық мүлік бұғатталды.

фото: ашық дереккөз

Қазақстандық компания «КХДР-мен байланысы үшін» санкцияға ілікті, деп хабарлады АҚШ Қаржы министрлігі.

Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен КХДР арасында қару сату бойынша мәмілені қолдауға тырысқан, санкциялардан жалтару желісімен байланысты үш ұйымға қатысты санкция енгізді, — делінген хабарламада.

Үш фирманың Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бары айтылған. Ол наурыз айында солтүстіккореялық шенеуніктермен Ресейге азаматтық ұшақтар, шикізат және өзге де тауарларға айырбас ретінде «қару-жарақ пен оқ-дәрінің 20 шақты түрін жеткізуге» уағдаласқаны үшін санкцияға іліккен.

Санкциялық тізім қазақстандық Defense Engineering ЖШС, сондай-ақ ресейлік «Верус» ЖШҚ және словакиялық Versor компаниясымен толықты.

Әдетте Қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді.

«Жоғарыда аталған тұлғалардың Құрама Штаттардағы немесе оның иелігіндегі, не АҚШ адамдарының бақылауындағы барлық мүлкі бұғатталған», — делінген хабарламада.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-13
Утром11.97 ℃
Днем20.7 ℃
Вечером19.03 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.24 м/с
2026-09-14
Утром14.95 ℃
Днем19.65 ℃
Вечером20.39 ℃
Ночью17.92 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра3.1 м/с