17 жастағы бозбалалар әскерге шақыру учаскелеріне проактивті режимде тіркеледі

Қорғаныс ведомствосының бұл жобасы «Электрондық үкімет» порталы және еGov мобильдік қосымшасы арқылы халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

2024 жылы 1 қаңтарда Қарулы күштерде 17 жастағы қазақстандықтарды проактивті режимде тіркеудің пилоттық жобасы басталады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс ведомствосының бұл жобасы «Электронды үкімет» порталы және еGov мобильдік қосымшасы арқылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Үкімет қорғаныс министрлігінің 2024 жылы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді автоматты түрде жүргізу туралы бастамасын қолдады.

«Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Егер бұрын бұл деректер аудандар мен қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінде өткізілетін шаралар барысында анықталса, енді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялық өзара іс-қимыл деңгейі 17 жастағы жастарды олардың тікелей қатысуынсыз әскери есепке алуға мүмкіндік береді», — дейді қорғаныс министрлігіндегілер.

Жастардың денсаулық жағдайы туралы мәліметтер денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерінен алынады.

Ведомство ақпаратынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылы туған Қазақстан азаматтары тіркелуге жатады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл шамамен 120 мың бозбала.

Проактивті режим әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жыл сайын бөлінетін миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қызметті автоматтандыру сол сияқты шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәліктерді алу қажеттігін де жояды, деп нақтылады министрлік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда кімдер әскерге шақырылмайды – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Әлем елдері жастарды әскерге шақырудан бас тартып жатыр. Қазақстанда жағдай қалай?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.84 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером8.24 ℃
Ночью8.73 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра8.02 м/с
2026-04-12
Утром8.42 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером16.77 ℃
Ночью13.8 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.16 м/с