БҚО депутаттары Дипломмен – ауылға бағдарламасын қайта қарауды сұрады

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың табысын арттыру мектептерді жөндеу мен салу, бюджеттің IV деңгейіндегі кірістер туралы және т.б. өзекті мәселелерді көтерді.

Сондай-ақ, депутаттар экономиканың басым секторларында бизнеске қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.

«ШОБ дамуы экономиканы дамытудағы негізгі тіректердің бірі. Бұған біз аса мән беріп отырмыз. Әсіресе орта бизнеске. Экономикадағы ШОБ үлесі 33,5% – дан 36% – ға дейін өсті. Бизнесті одан әрі қолдауға тырысамыз», – деді министр.

Бұдан бөлек олар жас мамандардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қайта қарауды сұрады.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Министрлік жергілікті жерлерде білікті кадрларды тартуға ерекше назар аударатынын. Бүгінде «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мәселе пысықталды. Тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында салық салу, инвесторларды тарту, сондай-ақ электр желілерінің тозуы мен ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы) жаңғырту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров депуттарға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, барлық мәселелер жергілікті билік органдарымен және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатынын атап өтті.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с