Күн 39 градусқа дейін ысиды – ертеңге ауа райы болжамы

Күндізгі уақытта Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында күн 35-39 градусқа дейін ысиды.

Қазгидромет 20 тамызға ауа райы болжамын ұсынды. Кейбір өңірлерде ертең ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында күн райы құбылады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Жалпы республика бойынша екпінді жел болжанып отыр. Күндізгі уақытта Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында күн 35-39 градусқа дейін ысиды.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында да өрт қаупі жоғары болады.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-13
Утром19.87 ℃
Днем26.58 ℃
Вечером23.47 ℃
Ночью22.21 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.87 м/с
2026-08-14
Утром13.54 ℃
Днем22.09 ℃
Вечером20.49 ℃
Ночью14.29 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.68 м/с