Әлібек Қуантыров Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

БҚО-ға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – ел бесігі» шеңберінде іске асырылған жобалардың сапасын бағалады.

Аталған бағдарлама бойынша өңірде әлеуметтік нысандар салынып, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды. ҰЭМ басшысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Нысан 2020 жылы салына басталған. Алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жұмыс тоқтатылған еді.

Жобаның құны – 445 млн теңге. Бүгінде жұмыс 90% орындалған: жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Нысан әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (KPO) қаражаты есебінен салынуда. Сондай-ақ ол кентішілік жолдардың ағымдағы жағдайымен танысып, 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды.

Екі қабатты ғимаратта спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған, кең залдар, киім ауыстыратын және жуынатын жылы бөлмелер бар. Барлық секциялар тегін. Мұнда 1500-ден астам оқушы спортпен айналысады.

Жаттықтырушылар әртүрлі спорт түрлерінен Қазақстанның чемпиондарын және жүлдегерлерін тәрбиелеген.

Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» шеңберінде Батыс Қазақстан облысында 15 жобаны жүзеге асыруға 4,8 млрд теңге бөлінді.

Дереккөз: Іnform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-26
Утром12.44 ℃
Днем20.67 ℃
Вечером20.53 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра3.62 м/с
2025-04-27
Утром13.48 ℃
Днем17.19 ℃
Вечером8.63 ℃
Ночью7.11 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.76 м/с