Апта сауалы: мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе?

Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК «Апта сауалы» айдарын іске қосты. Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Салық төлеушілердің аталған сауалдарына салық салуға қатысты егжей-тегжейлі жауаптар беріледі. Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК «Апта сауалы» айдарын іске қосты. Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болды.

Жеке тұлғаның сауалы:

Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе?

МКК жауабы:

Егер Сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер Сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек. Төлеген төлеміңіз түскендігін немесе төлеу керек салықтың сомасын өзіңіз тексере аласыз:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Электрондық қызметтер» бөлімінде, «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қосымша бетінде;
  • «e-Salyg Azamat» қосымшасында (App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алу) «Электрондық қызметтер» бөлімінде «ЖТ және ЖК бойынша алдағы төлемдер қызметі»;
  • E-gov порталында немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасында «Салық салу» бөлімінде «Жеке тұлғалар үшін алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу» бөлімінде;
  • банктік қосымшалар арқылы (Төлемдер/Алдағы салықтарды төлеу).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-8.01 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-6.15 ℃
Днем-4.47 ℃
Вечером-3.91 ℃
Ночью-4.37 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.23 м/с