Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы қаншаға өседі?

2024 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы және басқа да есептік көрсеткіштерді белгілейтін құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Ашық дереккөзден

«Ашық НҚА» порталында «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге болмақ.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған төлемдердің 9% ұлғаюын ескере отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдеріне қаражат қарастыру жоспарлануда.

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге арналған ақшалай өтемақының ай сайынғы мөлшері әскери қызметшілерге (жедел қызметтегі әскерилерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне 3 739 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Құжатты қоғамдық талқылау 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Дереккөз: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-7.84 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-5.92 ℃
Днем-4.14 ℃
Вечером-3.65 ℃
Ночью-4.17 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.19 м/с