«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін жасырған

Локомотивтің жиыны«оқиға» ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және «оқиға» ретінде сараланбаған.

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы 2020-2023 жылдар аралығында магистральдық теміржол желісінде орыналған қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың (оның ішінде локомотивтің түсуі) 4 жағдайын есепке алудан жасыру фактілерін анықтады, олар тиісті түрде тексерілмеген.

Осы факті бойынша прокуратура «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атына заңдылықты бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізді.

Мұндай жағдайды түзетудің және оларға жол бермеудің орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының м.а. М.К.Көкрекбаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жауап беру туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, М.К.Көкрекбаев прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қабылдаған жоқ: локомотивтің жиыны«оқиға» ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және «оқиға» ретінде сараланбаған.

Бұл көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болды (Прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбау).

Нәтижесінде сот М.К.Көкрекбаевты жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-16
Утром16.88 ℃
Днем24.72 ℃
Вечером24.01 ℃
Ночью20.04 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра9.07 м/с
2024-09-17
Утром10.4 ℃
Днем20.3 ℃
Вечером19.35 ℃
Ночью12.84 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.74 м/с