БҚО-да сүйіктісімен ұрсысып қалған жігіт өзіне қол салмақ болды

Полиция онымен бір сағат сөйлескен.

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында ер адам өзіне қол салмақ болды, деп хабарлады Polisia.kz.

20 тамызда кешкі сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне бір жігіттің Жайық өзеніндегі көпірден құлағалы тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жақын жерде жүрген Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов атты патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Олар жігітті аман алып қалу үшін барын салған.

Полицейлер жігітпен бір сағаттан аса уақыт сөйлесіп, оны райынан қайтарды. Ол қаладағы полицияға бөліміне жеткізілді.

Кейін анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас болған. Ол мұндай қадамға сүйіктісімен жанжалдасу салдарынан барған.

Бейнеден скриншот

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі («Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу») бойынша жігітке әкімшілік хаттама толтырылды. Ол Оралдағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с