Тергеудегі экс-әкім Көкірекбаевтың ұлы сотталды

Бас көлік прокуратурасы БҚО-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 4 жағдайын есепке алудан жасыру фактісі анықталғанын мәлім етті.

Коллаж: Ulysmedia.kz

2020-2023 жылдар аралығында магистральдық теміржол желісінде орын алған фактілер тиісті түрде тексерілмеген.

“Прокуратура «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атына заңбұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізді. Мұндай жағдайды түзетудің және оларға жол бермеудің орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Марлен Көкірекбаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жауап беру туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.

Ведомсвтоның нақтылауынша, М.Көкірекбаев прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қабылдамаған:локомотив жиыны “оқиға” ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және «оқиға» ретінде сараланбаған.

“Бұл көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болды. Нәтижесінде сот М:Көкірекбаевты әкімшілік құқық бұзущылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енді”, – деп мәлім етті прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазселденқорғау» ММ директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, Кәрім Көкірекбаев BAZIS CONSTRUCTION — INFR ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден 800 мың доллар көлемінде пара алған.

Антикор шенеуніктің ұсталғанын растағанымен, істің мән-жайын жария еткен жоқ.

Кәрім Көкіребаев Жамбыл облысының әкімі, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметтерін атқарған, 2019 жылдан бері «Қазселденқорғау» мекемесін басқарды.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с