Оралда жаңа автобустар желіге қосылды

Орал қаласындағы «Оралавтотранс» тасымалдаушы кәсіпорнының автобус паркі жаңа 9 автобуспен толықты.

Сурет: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Вектор Next» маркалы-3, «Yutong» маркалы үлкен класты 6 автобус 5, 12, 43 қоғамдық көлік бағыттары бойынша желіге қосылады деп күтілуде.

«Кәсіпорын иелігіндегі техникалардың құрамын жыл сайын жаңартып отырамыз. Ескі техникаларымызды кезең-кезеңімен жаңа автобустарға ауытырып тұрмыз. Жуырда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 9 жаңа автобус сатып алдық. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз», — дейді «Оралавтотранс» ЖШС директоры Қайрат Исқақов.

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов жүргізушілерге автобустардың кілтін табыстап, жаңа қоғамдық көліктердің халық игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді. Жолаушыларға лайықталған автобустарда жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. Көлік салоны кондиционермен, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған пандус, электронды табло және бейнекамералармен жабдықталған.

Сурет: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орал қалалық бспасөз қызметінің бергнен мәліметіне қарағанда қалалық жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар жыл сайын автобус парктерін жаңартуда. Бұл — тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау арқылы жүзеге асып отыр. Өткен жылы осы бағытта қалалық кәсіпорындарға 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия берілсе, биыл 5,2 млрд теңге қарастырылған.

Дереккөз: zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром12.66 ℃
Днем22.07 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.05 м/с
2025-05-18
Утром14.92 ℃
Днем22.47 ℃
Вечером23.29 ℃
Ночью19.07 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.21 м/с