Қазақстанның барлық мектебінде ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы ашылады

2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасы әзірленді.

Ашық дереккөзден

«Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту», – деді министр.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асыру осы жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Ол шамамен 5 миллион баланы қамтиды.

Білім алушылармен тығыз жұмыс жасау үшін «Өркен» Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мен «Өрлеу» БАҰО АҚ базасында 72 сағаттық бағдарлама бойынша арнайы педагогикалық курстар өткізіледі.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-06
Утром17.83 ℃
Днем30.54 ℃
Вечером28.05 ℃
Ночью25.45 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.77 м/с
2026-09-07
Утром18.02 ℃
Днем18.75 ℃
Вечером14.8 ℃
Ночью14.55 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.18 м/с