Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасына басшы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметіне Гүлжанар Болатқызы Шөкеева тағайындалды.

Гүлжанар Болатқызы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
1990 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын «Химия және биология», 2008 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004 жылдан бастап Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің аумақтық басқармасының бас маманы қызметінен бастап, кейін департамент басшысы, ҚР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық жұмыс департаментінің әлеуметтік технология және саяси жоспарлану бөлімінің басшысы, Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының консультанты қызметін атқарған.
2010-2019 жылдары аралығында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалында оқытушы-лекторы болды.
Бұған дейін «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінде қызмет атқарған.
Дереккөз: Іnform
