Ер адам Орал-Атырау тас жолында жол апатынан қайтыс болды
Жолда ауыр жүк пен NIVA соқтығысқан.

23 тамыз күні түстен кейін Орал-Атырау тас жолының 209 — шы шақырымында апат болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 47 жастағы Niva жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Рульде 35 жастағы ер адам болған. Алған жарақаттарынан Niva жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында қайтыс болды.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 345-бабы «Адамның өліміне әкеп соқтырған ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

