Қазақстандық мектеп оқушылары 25 мамырға дейін оқиды
Қазақстандық оқушыларға бұрынғы оқу мерзімі қайтарылды.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова министрліктің бұл шешімі орынды, бірақ асығыс қабылданған шешім деп санайды.
«Осыған байланысты биылғы оқу жылын 25 мамырда аяқтау арқылы 34 апталық оқу жылына қайтару дұрыс деп санаймын», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімдердің тамыз кеңесінде.
Оның айтуынша, алдағы оқу жылында қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу, оның ішінде оқу жоспарын бейімдеу және оқу жылын 2025 жылдан кейін 36 аптаға ұзарту мәселесіне қайта оралу қажет.
Тамара Дүйсенова оқу жылын 36 аптаға ұзарту туралы өз ойын білдірді.
«Бұл мәселе бойынша қоғамда көптеген шағымдар мен педагогикалық қауымдастық тарапынан ұсыныстар түсіп жатыр, мұны мойындау керек», — деді ол.
Оның айтуынша, бұл әлемдік тәжірибе, бірақ мұндай жаңашылдықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты қажет етеді.
Биыл оқушылар оқуын 31 мамырда аяқтады.
Дереккөз: zakon.kz
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оқу мерзімі, балабақшаға тіркеудің жаңа форматы және тегін тамақ: Министрлік оқу жылына дайын ба
Қазақстанда оқу жылының мерзімі бойынша шешім әлі қабылданған жоқ
Оқу жылын қысқартқаны үшін Білім министрлігін сотқа берді
«Оқу жылын 25 мамырда аяқтауды қайтару»: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтінішіне жауап берді
