БҚО мас адам полиция қызметкерін пышақпен жараламақ болған

Жыл басынан бері елімізде билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылған.

Ашық дереккөзден

Отбасындағы зорлық-зомбылық – бұл жұртшылықты алаңдататын өзекті проблема. Қаншама адам жақынының қысымына шыдап, қорлық пен қол көтеруге төзіп келеді. Алайда мұның соңы ауыр зардаптарға әкелетінін ұмытпау қажет.

Қоғам қасіретіне айналған бұл мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.

– Қазір мұндай құқық бұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеледі. Енді агрессор арыз түссе де, түспесе де, жауапқа тартылады. Кейде жәбірленушіні “үй агрессорынан” құтқарамын деп, қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мас ер адам үйінде жанжал шығарып, әйелі полиция шақырған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде “агрессор” өз үйінің ауласында оларға қарсылық көрсетіп, заңды талаптарға бағынбаған. Тіпті, қызметкерлердің бірін пышақпен жараламақ болған.

Жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынды.

– Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заң бұзушылық орын алған болса, азаматтар шағымдануға құқылы, – деді Азамат Құрымбаев.

Ақпарат көзі: Polisia.kz 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.5 ℃
Днем27.48 ℃
Вечером26.56 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.75 м/с
2026-07-13
Утром19.08 ℃
Днем27.99 ℃
Вечером22.64 ℃
Ночью20.35 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.98 м/с