Қазақстанда оқушылар жаңа оқу жылында күзгі, қысқы және көктемгі демалыста қанша күн демалады

Оқу-ағарту министрлігі тоқсандар мен демалыстардың ұзақтығын анықтайтын бұйрық жобасын ұсынды.

Ашық дереккөзден

Білім министрлігі «Орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 2024 жылдың 25 мамырын қоса алғанда жалғасады. 1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен тоқсан аралығындағы демалыс ұзақтығы:

  • I тоқсан – сегіз оқу аптасы, күзгі демалыс – жеті күн (2023 жылдың 30 қазанынан 5 қарашасын қоса алғанда);
  • II тоқсан – сегіз оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
  • III тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2024 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда); 1 сыныпта қосымша мерекелер – 7күн (2024 жылғы 5 ақпаннан 11 ақпанды қоса алғанда);
  • IV тоқсан – 8 оқу аптасы.

Осылайша, бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы, ал қалған сыныптарда 34 оқу аптасы болады.

Құжатты қоғамдық талқылау 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-15
Утром9.99 ℃
Днем18.48 ℃
Вечером17.56 ℃
Ночью15.58 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с
2025-05-16
Утром12.31 ℃
Днем20.08 ℃
Вечером20.03 ℃
Ночью14.88 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.7 м/с