Қандай жағдайда қазақстандықтар медицина мамандарына жолдамасыз жүгіне алады?
Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық негізде мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін жаңартты.

Арнайы бейінді мамандардың консультацияларын алуға қатысты азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелерін жаңартты.



Бұдан былай кейбір жағдайларда пацент жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз арнайы мамандардың қабылдауына жазыла алады:
– төтенше жағдайларда және жарақаттарда, соның ішінде офтальмологиялық және оториноларингологиялық;
– шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алған кезде;
– дерматовенерологиялық бейіндегі ауруларда;
– онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындағанда;
– тіркелген жеріндегі акушер-гинеколог пен психологқа барған кезде;
– аурудың профиліне сәйкес динамикалық бақылаумен;
– жастар денсаулық орталықтарына хабарласқанда;
– осы жағдайларда маманға қайта қабылдау кезінде.